(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘМЕЛЕТ...
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1142 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ерекше режиммен ұсталатын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің 2014 жылғы 28 қазандағы
№ 1142 қаулысымен бекітілген
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке
толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ерекше тәрбиелеу, оқыту жағдайларын және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібін белгілейді.
Адамдардың жоғарыда көрсетілген санаттары бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа