«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 115 бұйрығы
«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 115 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау туралы қоса берілген қағидалары бекітілсін.»;
Мемлекеттік қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 115 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 39 бұйрығымен
бекітілді
Демо – версия документа