«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығыга өзгерістер енгуі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 662 бұйрығы
«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығыга өзгерістер енгуі туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 662 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10461 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық схемасының сипаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелігімен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының кескіндік бейнелері; өндіру қуаттылығының есебі.
2) этил спиртінің өндірісі кезінде:
дәнді немесе мелассаны тасымалдау (тасымалдау тәсілі, автомобиль және/немесе темір жол кірме жолдарының, автомобиль (және) немесе темір жол таразылардың болуы);
қайнату және мия өсіру үшін дәнді дайындау (қолданылатын әдіс, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану);
дәнді ұсақтау (ұсақтау тәсілі, ұнтақтау пайызы);
ашытқышты езіп қайнату (езіп қайнату әдісі, температуралық режимдер, дайын ашытқыштың химиялық-бактериологиялық параметрлері);
ашытқышқа қант қосу (пайдаланылатын әдіс, өлшемдері, қант қосу уақыты);
мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса ашытқышын дайындау);
ашытқыларды дайындау (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және дайындау уақыты);
Демо – версия документа