«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығы (2021.19.11. берілген өзгерістермен)
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығы
(2021.19.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.19.11. № 1194 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2021.19.11. № 1194 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 82 бұйрығымен бекітілген
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер
тізбесі
1. Этил спиртін мен алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы немесе ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай:
1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің) атауы;
Демо – версия документа