(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІН...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы
(2013.13.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) ҚР Президентінің 2013.13.08. № 613 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Президентінің 2013.13.08. № 613 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Президентінің 2013.13.08. № 613 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Президентінің 2013.13.08. № 613 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Президентінің 2013.13.08. № 613 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Мынадай мемлекеттік мекемелер таратылсын:
1) құпия;
2) құпия;
3) құпия;
4) құпия.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2012 жылғы наурыздың 13-і.
№ 282
Президентінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 282 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа