«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 188 Қаулысы (2017.13.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 188 Қаулысы
(2017.13.09. берілген өзгерістермен)
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 20-1) тармақшасында көзделген есептілікті - есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
20-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.13.09. № 170 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа