«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 520 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 520 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 229-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 16 мамырдағы № 644 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 416 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 105-құжат).
Демо – версия документа