«Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 489 Қаулысы
«Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 489 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 489 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысымен
бекітілген
Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік
органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың
тізбесі
Демо – версия документа