«Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 Қаулысы (күші жойылды)
Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберумен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидаларын, сондай-ақ Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 251 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 298 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздарды шығару, айналысқа жіберу мен өтеу және оларды мемлекеттік тіркеу, орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және исламдық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа