Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 13 бұйрығы

 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 13 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде:

17-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бірінші кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жолдайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»;

18-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей екінші кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жолдайды;»;

3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку