«Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 36 бұйрығы
«Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 36 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12517 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қоса беріліп отырған реттеушілік әсерді талдауды және (немесе) талаптарды жүргізу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен беекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Демо – версия документа