(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 Қаулысы
(2018.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 425 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтағы орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;».
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтағы ведомстволардың функциялары мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
16-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
Редакция документа
Демо – версия документа