(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ КЕЙБІР МӘС...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы
(2023.15.06. берілген өзгерістермен)
2024 ж. 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және «Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің - мемлекеттік мекемелердің (соттар әкімшілерінің) атауы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар
№ 106
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа