(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКСПОРТЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ИМПОРТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУҒА ЖАТАТЫ...
Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 287 қаулысымен
бекітілген
Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың
және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың
тізбесі
Р/с № | Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлар тізбесі | Лицензиар | Келісуші мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 1-қосымшаға сәйкес озонды бұзатын заттардың және олар құрамында бар өнімдердің экспорты мен импорты | ҚР ЭМ | -_ |
2. | 2-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарының импорты | ҚР ИДМ | ҚР АШМ ҚР ЭМ |
3. | 3-қосымшаға сәйкес қауіпті қалдықтардың экспорты мен импорты | ҚР ИДМ | ҚР ЭМ |
4. | 4-қосымшаға сәйкес минералогия, палеонтология және қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттарының экспорты | ҚР ИДМ | ҚР БҒМ ҚР МСМ ҚР ИДМ |
5. | 5-қосымшаға сәйкес тірі жабайы жануарлардың, жабайы өсетін дәрілік шикізаттың (өсімдіктер, өсімдіктердің бөліктері, тұқымдары, жемістері) және жеке жабайы өсетін өсімдіктердің экспорты | ҚР ИДМ | ҚР АШМ |
Редакция документа
Демо – версия документа