(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕУРАЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚС...
Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 13 және 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының лауазымына белгіленген тәртіппен тағайындау үшін Дмитрий Владимирович Панкиннің кандидатурасы бойынша ұсынысына келісім берілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа