(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛ...
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 Қаулысы
(2022.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 313 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары бекітілсін.
1.1. ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 313 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 313 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - «Құқықтық актілер туралы» Заң) 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындайды.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі - қаулылардың жобалары);
Редакция документа
Демо – версия документа