Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ IШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АУМ...

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 мамырдағы №  423 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Iшкi iстер министрлігінiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталсын.

2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шілдедегi № 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:

«Облыстық, Астана, Алматы қалалары, көлiктегi iшкi iстер басқармаларының (бac басқармаларының) бастықтары» деген жолдағы «Лауазымы» деген бағандағы «басқармаларының (бac басқармаларының)»деген сөздер «департаменттерiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

5-тармақтың екінші абзацында «ҚІІБ (IIБ)»деген аббревиатуралар «iшкi iстер департаменттерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку