Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 735 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;

2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;

3) Әкімшілік полиция комитеті;

4) Көші-қон қызметі комитеті;

5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.».

2. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысында:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку