(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚЫЛМЫС...
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
22-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы
ереже
(2019.24.09. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) қала аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелеріне және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Редакция документа
Демо – версия документа