«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 823 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 823 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;»;
22) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бас қолбасшылықтың орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Әліби Жангелдин көшесі, 2-үй.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 2-үй.»;
19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы және штаты бойынша ұсыныстар береді;»;
Демо – версия документа