Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 1-қосымша) (2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы

ереже

(2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы (бұдан әрі - Бас қолбасшылық), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланға бейбіт және соғыс уақытында әскери басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Комитет құқығындағы ведомствосы болып табылады.

Бас қолбасшылық Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы басқарады.

2. Бас қолбасшылық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бас қолбасшылық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бас қолбасшылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бас қолбасшылық егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бас қолбасшылық өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции