«Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 187 бұйрығы (2024.23.11. берілген өзгерістермен)
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 187 бұйрығы
(2024.23.11. берілген өзгерістермен)
«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
бекітілген
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа