«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 561 Қаулысы
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 561 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 % (бір жүз пайыз) мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 561 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Демо – версия документа