«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына және «Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 323 бұйрығы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына және «Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 323 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10160 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігінде:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31071 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Демо – версия документа