«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 192 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 192 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 192 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат).
Демо – версия документа