«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 280 бұйрығы
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 280 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарында:
ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
талапкердің кешенді тестілеу сертификатының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеуге қатысу өтініші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған жауап парақтары алынып тасталсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 11 (12) сыныптарда білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың жауап парақтарымен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне арналған кешенді тестілеу сертификатымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа