«Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 Қаулысы (2024.28.05. берілген өзгерістермен)
Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 Қаулысы
(2024.28.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024.14.05. № 373 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бітімгершілік операцияға қатысуға ерікті түрде ниет білдірген азаматтар қатарынан ұлттық контингентті іріктеуді және оларды бітімгершілік дайындықтан өту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне іссапарға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 345 қаулысымен
бекітілген
Бітімгершілік операцияға дайындық
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2024.14.05. № 373 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.
2. Бітімгершілік операцияға дайындықты жоспарлау
Демо – версия документа