(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.24.08 № 259 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 259 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беруін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 қарашадағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7396 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 195-200 (27274) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
Төраға _______Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 1 қазан
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 259 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және
күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі
есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа