(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ РОТА...
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істері министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығы
(2017.28.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса береліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшылық лауазымдарға ротация жүргізу, оларды ауыстыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпоранына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа