(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 589 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 589 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы».
3. ҚР Yкіметiнің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Yкiметiнiң 2015.31.12. № 1185 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа