(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫСЫН БАСҚ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
(2022.17.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 10 қыркүйек
№ 1005
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 1005 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
2.1. Мемлекеттік қаржы саласындағы қолданыстағы мемлекеттік реттеуді бағалау
Редакция документа
Демо – версия документа