(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМА...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жыл 29 желтоқсандағы № 6 Нормативтік қаулысы
(2017.31.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот тәжірибесін одан әрі қалыптастыру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) кіріспеде бүкіл мәтін бойынша «милиция» деген сөз «полиция» деген сөзбен ауыстырылсын.
2) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.».
2. ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 1-тармақта:
бірінші абзацта «бірінші сатыдағы соттың іс жөніндегі іс-әрекетінің қажетті бөлігі болып табылады» деген сөздер «бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа