Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМА...

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жыл 29 желтоқсандағы № 6 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот тәжірибесін одан әрі қалыптастыру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

 

қаулы етеді:

 

I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты өлді деп жариялау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 1968 жылғы 25 қыркүйектегі № 9 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 14 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) кіріспеде бүкіл мәтін бойынша «милиция» деген сөз «полиция» деген сөзбен ауыстырылсын.

2) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.».

2. «Мүлікті тыйым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы» 1975 жылғы 24 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1978 жылғы 21 қыркүйектегі № 18, 1987 жылғы 2 қазандағы № 11, 1988 жылғы 23 қыркүйектегі № 7, 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5 қаулыларымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 13, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен бірге:

1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Талап арыз қылмыстық іс бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін, бірақ осындай талаптарды қою мерзімі өткізіліп барып берілген жағдайда судья талап арыздарды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес. Мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін заңда белгіленген тәртіппен талқылау қажет.»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку