«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 59-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 59-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігі:
1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын;
2) 2015 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 20 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалу барысы туралы жинақтық ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіңе жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 59-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Демо – версия документа