(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАР...
Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешімі
Осы редакция 2019 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Т. Егінбаев |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
С. Есілов |
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 410/57-V шешіміне
1-қосымша
Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық
жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну
тәртібі
Осы Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 8-бабының 4-тармағына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1. Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына оқу кезеңінде (жазғы демалысты қоспағанда) қалалық жолаушылар көлігінің бағдарларында жеңілдікпен жүру түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.
2. Астана қаласының бюджеті әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа