(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «CЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІК ҚҰҚЫҒЫН...
Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 Қаулысы
(2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 142-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1103 қаулысымен
бекітілген
Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуын ретке келтіру мақсатында әзірленді және тиісті тәртіпті айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа