(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.24.04 № 357 ...
Осы редакция 2015 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 357 бұйрығына 2-қосымша
«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген.«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі-Стандарт) геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат(бұдан әрі — рұқсат) беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрімен расталады.
Редакция документа
Демо – версия документа