«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 500 бұйрығы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 500 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағида) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
2-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
1-тармақтың төртінші - он екінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жартылай стационарлық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым (бұдан әрі - жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) - меншік нысанына қарамастан, қызмет алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензия негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Демо – версия документа