«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 79-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 79-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңыніске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі(бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 3 шілдедегі
№ 79-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындалу мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2018 жылғы шілде | Е.Н. Нысанбаев |
Демо – версия документа