(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНАН СЫБАЙЛА...
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы
(2019.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.23.07 № 369 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.09.06. № 275 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
ҚР Президентінің 2007.23.07 № 369 Жарлығымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) ҚР Президентінің 2012.13.03. № 284 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
№ 839 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 2007.23.07 № 369 Жарлығымен тақырыбында және мәтінінде «және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының сақтауы» деген сөздер алып тасталыды (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «қарсы күресті», «қарсы күрес», «қарсы күрестің» деген сөздер тиісінше «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «қарсы іс-қимылды», «қарсы іс-қимыл», «қарсы іс-қимылдың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа