Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРҒА ӨМІР БОЙЫ АЙ САЙЫН...

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 Қаулысы

(2020.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу мөлшері белгіленсін.

3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2020.10.06. № 365 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 1324 қаулысымен

бекітілді

 

 

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) төлеу тәртібін айқындайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку