(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖӘНЕ МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА САНАТОРИЙ-КУРОРТ...
Осы редакция 2019 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
2-қосымша
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну
қағидалары
(2017.28.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртiбiн белгілейдi.
2. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сай мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.
3. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі - облыстық басқармалар), Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - қалалық басқармалар) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады.
Редакция документа
Демо – версия документа