(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2023 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2023 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 Қаулысын қараңыз
1-бап. 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 17 543 276 102 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 13 559 036 264 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 351 081 214 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 1 248 374 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 631 910 250 мың теңге;
2) шығындар – 20 578 663 319 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 25 878 145 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 279 299 322 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 253 421 177 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 138 734 638 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 138 734 638 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -3 200 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -8 161 315 600 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 6,8 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 200 000 000 мың теңге.
2-бап. 2023 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 54 050 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 418 330 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2023 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа