Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 44-VІІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1, 2 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге;

2) шығындар - 14 911 075 741 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 459 837 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 392 058 235 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 847 068 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 30 847 068 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге.

2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 740 450 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.»;

«8-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 850 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;

2) 14-баптың бірінші бөлігінде:

мынадай мазмұндағы 6-1), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;»;

«7-1) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;

7-2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;

7-3) объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге;

7-4) коронавируспен (COVІD-19) күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақылар төлеуге;

7-5) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге және олардың тұрғын үй төлемдеріне;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;»;

мынадай мазмұндағы 17-1), 36-1) 40-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«17-1) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге;»;

«36-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;»;

«40-1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге;»;

«41-1) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;»;

3) 19, 23, 24, 25, 26 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған резерві 231 696 458 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

«23-бап. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 900 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

24-бап. 2021 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 100 200 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

25-бап. 2021 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 18 260 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

26-бап. 2021 жылға мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 45 034 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

27-бап. 2021 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 481 143 489 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

        Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 мамыр

            № 44-VІІ ҚРЗ

 

«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы

Қазақстан Республикасының № 44-VІІ ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының

№ 379-VІ ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2021 жылға арналған республикалық бюджет

 

Санаты

Сыныбы

Ішкі сыныбы

Атауы

Сомасы, мың теңге

 

 

 

І. Кірістер

12 405 717 446

1

 

 

Салықтық түсімдер

6 913 806 526

 

01

 

Табыс салығы

1 870 226 706

 

 

1

Корпоративтік табыс салығы

1 870 226 706

 

05

 

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

3 657 797 971

 

 

1

Қосылған құн салығы

3 036 094 254

 

 

2

Акциздер

116 868 850

 

 

3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

487 022 815

 

 

4

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар

4 485 538

 

 

5

Ойын бизнесіне салық

13 326 514

 

06

 

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

1 344 413 259

 

 

1

Кеден төлемдері

1 321 086 216

 

 

2

Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар

23 327 043

 

07

 

Басқа да салықтар

2 153 555

 

 

1

Басқа да салықтар

2 153 555

 

08

 

Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

39 215 035

 

 

1

Мемлекеттік баж

39 215 035

2

 

 

Салықтық емес түсімдер

286 899 962

 

01

 

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

215 380 090

 

 

1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

1 178 565

 

 

3

Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

139 908 283

 

 

4

Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

4 488 943

 

 

5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

58 490 365

 

 

6

Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар

1 000 000

 

 

7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

2 395 128

 

 

9

Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер

7 918 806

 

02

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

2 832 903

 

 

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

2 832 903

 

03

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

129 082

 

 

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

129 082

 

04

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

10 386 938

 

 

1

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

10 386 938

 

05

 

Гранттар

1 204 668

 

 

2

Қаржылық көмек

1 204 668

 

06

 

Басқа да салықтық емес түсімдер

56 966 281

 

 

1

Басқа да салықтық емес түсімдер

56 966 281

3

 

 

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3 585 654

 

02

 

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

3 585 654

 

 

1

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

3 585 654

4

 

 

Трансферттердің түсімдері

5 201 425 304

 

01

 

Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер

651 425 304

 

 

1

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер

651 425 304

 

04

 

Ұлттық қордан трансферттер

4 550 000 000

 

 

1

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер

4 550 000 000

 

 

Функционалдық топ

Әкімші

Бағдарлама

Атауы

Сомасы, мың теңге

 

 

 

ІІ. Шығындар

14 911 075 741

1

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

623 190 583

 

101

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

8 728 706

 

 

001

Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

6 944 701

 

 

002

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

615 354

 

 

003

Архив қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер

512 304

 

 

007

Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

656 347

 

104

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

2 396 962

 

 

001

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

2 396 962

 

106

 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

174 860

 

 

001

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер

106 230

 

 

008

Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін нығайту

68 630

 

107

 

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

323 211

 

 

001

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер

323 211

 

108

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі

2 175 192

 

 

001

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

1 156 949

 

 

008

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

1 018 243

 

201

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

83 322 123

 

 

001

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

83 322 123

 

204

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

79 832 227

 

 

001

Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер

54 489 132

 

 

003

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау

95 154

 

 

005

Шетелдік іссапарлар

2 233 595

 

 

008

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету

60 574

 

 

013

Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру

487 190

 

 

017

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы

20 259 234

 

 

019

Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету

2 138 011

 

 

021

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету

69 337

 

207

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

8 967 102

 

 

001

Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсететін қызметтер

8 967 102

 

209

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

10 237 418

 

 

001

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

6 623 233

 

 

002

Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

3 614 185

 

211

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

3 793 343

 

 

001

Ішкі және сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

3 793 343

 

217

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

153 010 656

 

 

001

Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер

85 062 943

 

 

002

Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру

24 338

 

 

019

Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу

13 268

 

 

030

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту

6 951 273

 

 

067

Саяси партияларды қаржыландыру

8 442 227

 

 

072

Салық әкімшілігі жүйесін реформалау

1 190 093

 

 

094

Мемлекеттік активтерді басқару

1 530 805

 

 

205

Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру

49 795 709

 

223

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

7 276 288

 

 

001

Цифрландыру, инновациялар, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), топография-геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

7 276 288

 

225

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

64 417 644

 

 

130

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру

5 797 525

 

 

217

Ғылымды дамыту

58 620 119

 

241

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2 964 665

 

 

001

Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

2 964 665

 

243

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

9 320 902

 

 

001

Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер

6 675 402

 

 

006

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету

915 637

 

 

057

Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы

147 360

 

 

073

Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету

1 080 442

 

 

096

Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу

502 061

 

249

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

49 843 606

 

 

001

Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

9 843 606

 

 

222

Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу

40 000 000

 

406

 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

2 328 408

 

 

001

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

1 753 474

 

 

007

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру

574 934

 

608

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

4 433 207

 

 

001

Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

3 215 604

 

 

008

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау

541 200

 

 

012

Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын тестілеу бойынша көрсететін қызметтер

220 565

 

 

017

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту

455 838

 

625

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

8 494 091

 

 

001

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

8 494 091

 

626

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

18 796 392

 

 

001

Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу

10 856 518

 

 

002

Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету

7 939 874

 

627

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

1 680 394

 

 

001

Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

1 680 394

 

628

 

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

16 199 141

 

 

001

Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер

16 199 141

 

637

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппараты

415 810

 

 

001

Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету

415 810

 

690

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

11 237 957

 

 

001

Сайлау өткізуді ұйымдастыру

703 815

 

 

002

Сайлау өткізу

5 812 430

 

 

033

Облыстық бюджеттерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

4 721 712

 

693

 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

13 756 263

 

 

001

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

13 756 263

 

694

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

59 064 015

 

 

001

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

58 038 948

 

 

055

Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту

1 025 067

2

 

 

Қорғаныс

717 682 911

 

202

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

133 651 883

 

 

001

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтер

12 068 726

 

 

002

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру

54 214 498

 

 

006

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау

45 037 932

 

 

007

Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар мен мекемелердің күрделі шығыстары

22 330 727

 

208

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

339 762 015

 

 

001

Қорғанысты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі қызметтер

3 215 538

 

 

047

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету

336 546 477

 

249

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

244 269 013

 

 

004

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз ету

244 269 013

3

 

 

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

789 482 459

 

104

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

1 767 444

 

 

003

Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерьлік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

1 767 444

 

201

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

230 790 594

 

 

015

Халықты жеке басты куәландыратын құжаттармен, жүргізуші куәліктерімен, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттармен, нөмірлік белгілермен қамтамасыз ету

17 891 921

 

 

076

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

154 006 802

 

 

077

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру

47 345 846

 

 

078

Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру

11 546 025

 

221

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

47 506 371

 

 

001

Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету

11 395 055

 

 

005

Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі

1 813 004

 

 

006

Мемлекеттік органдардың заң шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу

408 001

 

 

009

Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу

1 097 199

 

 

047

Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке дейінгі және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау

21 195 500

 

 

061

Сот сараптамасы объектілерін салу

1 940 832

 

 

065

Сот сараптамалары бойынша қызметтер

9 656 780

 

410

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

352 668 330

 

 

001

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

347 115 523

 

 

002

Ұлттық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасы

5 552 807

 

501

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

56 194 237

 

 

001

Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі

56 194 237

 

502

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

38 450 651

 

 

001

Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру

37 948 789

 

 

015

Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру

501 862

 

624

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

24 172 410

 

 

001

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

14 390 672

 

 

002

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметі

6 827 502

 

 

015

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу

2 954 236

 

628

 

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

6 318 369

 

 

002

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру

5 849 569

 

 

003

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру

468 800

 

681

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі

31 614 053

 

 

001

Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

30 051 052

Укажите название закладки

Создать новую папку