(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ» АКЦИОНЕР...
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 Қаулысы
(2019.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1412 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.02. № 75 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.03.07. № 469 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:
1) өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
Редакция документа
Демо – версия документа