(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.27.03 № 271 ҚАУЛЫСЫ
Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 қаулысымен бекітілген
Тіркелген тарифтерді айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (будан әрі — Заң) 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері ендіретін электр энергиясына тіркелген тарифтерді айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тіркелген тариф - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен есеп айырысу-қаржы орталығының сатыл алуына арналған тариф;
2) уәкілетті орган — жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу- қаржы орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі — сатыл алу шарты) — сатып алушы ретіндегі есеп айырысу-қаржы орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты.
Редакция документа
Демо – версия документа