(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖИНАУДЫ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС...
Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 282 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 282 бұйрығымен
бекітілген
Ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа