«Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2023 -2032 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 656 Қаулысы (2023.17.03. берілген өзгерістермен)
«Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2023 -2032 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 656 Қаулысы
(2023.17.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022.20.07. № 509 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 230 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2022.20.07. № 509 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 230 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2012 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1202 қаулысының;
2) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 230 Қаулысымен жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 17 қазандағы
№ 656 қаулысымен
бекітілген
Демо – версия документа