«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 783 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат).
2. «Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 6-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 402-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат).
5. «Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1013 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 750-құжат).
Демо – версия документа