«Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 бұйрығы
Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 6-тармағының 14) және 15) тармақшаларын, 7-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, 10-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Энергетика министрі
2023 жылғы 25 шілдедегі
№ 275 бұйрығына
қосымша
Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа